Елімізде пара пауэрлифтингтен алғаш рет әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Хабар 24» порталына сілтеме жасап.

12 шілдеден басталып, 20-ына дейін жалғасатын байрақты бәсекеге 76 мемлекеттен 462 спортшы қатыспақшы.

Қазіргі таңда әлемнің 110 елінде мүмкіндігі шектеулі жандар аталған спорт түрімен шұғылданады.

- Біз мемлекеттік дәрежеде спортшыларды қолдауды жалғастыра береміз. Рухы мықты жандарға ерекше ықыласымды білдіріп, алғыс айтқым келеді. Өз өмірлерімен үлгі болып жүрген спортшыларға алдағы жарыста сәттілік тілеймін, - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.