Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Жапония астанасы Токиода өтетін халықаралық турнирге қатысады.

Бұл туралы спортшының өзі Instagram парақшасында мәлімдеді. Илья Ильиннің сөзінше, ол Токио қаласындағы халықаралық турнирде 109 келіде бақ сынайтын болады.

Бұған дейін спортшы 94 келді өнер көрсететін еді. Жарақатынан соң Илья Ильин жаңа салмақта бағын сынап көрмек.

Айта кетейік, Илья Ильин Англияда өткен British International Open 2019 чемпионатында 96 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдені қанжығалады.