Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаттығудағы соққыларын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Көп соққы емес, дөп соққы жақсы. Бірақ дөп соққы көп соққының ішінде жатыр. Қазақ стилін шыңдап жатырмыз!», - деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін тамызда жұдырықтасатынын хабарлаған еді. қарсыласы бокс әлеміндегі топ-15 боксшы тізімінен болады деп үміттенетінін де айтқан болатын.

Қазақстандық боксшының соңғы жекпе-жегі 12 сәуірде мексикалық Кристиан Оливасқа қарсы өтіп, Жәнібек орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global чемпионы атанған еді.