Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан клубтың канадалық Монреальдағы жиынынан жедел түрде кетіп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Француз маманы отбасылық жағдайына байланысты әйелімен бірге Испанияға оралды. Ол жоқ кезде команданы оның бірінші көмекшілері Давид Беттони мен Хамиду Мсайде жаттықтырады.

Marca ақпараты бойынша, Зидан ойыншылар жаттығуға келе жатқан кезде кетіп қалған. Бапкердің команда сапына қашан оралатыны белгісіз.

Айта кетейік, Зидан «Реалға» биыл наурызда қайта оралған болатын. Бұған дейін ол 2,5 жылдың ішінде Чемпиондар лигасын үш рет жеңіп алған еді.