12 шілде «Атлетико» шабуылшы Антуан Гризманн «Барселона» сапына ресми ауысты, деп жазады Prosports.kz.

Француз үшін «Барселона» 120 миллион еуро төледі. Алайда, бұл соманың бәрі «Атлетиконың» қалтасына түспейді. 24 млн еуро Антуанның бұрынғы командасы «Реал Сосьедад» командасына беріледі.

Бұған себеп, 2014 жылы «Атлетико» Гризманнды «Реа́л Сосьеда́дтан» 32 миллионға сатып алған болатын. Сол кезде келісімшартқа Антуан өзге командаға ауысса, трансфер сомасының 20%-ы «Реал Сосьедад» тиесілі болады деп жазылған екен.

Келісімшарттағы осы баптың себінен, мадридтік команда біраз пайдасынан қағылып отыр.

Антуан Гризманн «Барселона» сапына ауысты