Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Рифат Нурмугамет «Жетісуға» ауысты.

23 жастағы футболшы талдықорғандық клубқа жалға берілді.

Рифат «Жетісуда» осыған дейін 2017-2018 жылдары доп тепкен болатын. 30 ойында алаңға шыққан. Бес доп соғып, бес нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, бұл футболшы осы маусымда «Қайрат» сапында бір рет қана алаңға шыққан.