Бразилия ұлттық құрамасының капитаны Дани Алвес Мессиді сынға алды, деп жазады Prosports.kz.

Аргентиналық шабуылшы Америка кубогында қызмет атқарған төрешілердің жұмысына риза еместігін жеткізіп, КОНМЕБОЛ-ды(Оңтүстік Америка футбол федерациясы) Бразилияны жақтады деп айыптаған еді.

- Досыңның айтқаны қашан да дұрыс бола бермейді. Біріншіден, Месси Бразилия ұлттық құрамасын сыйламайды. Екіншіден, өз арманына жетуге таласқан, ортақ жеңіс үшін барын салып жүрген өз ісінің шеберлерін құрметтемейді. Ол менің досым. Бірақ, дәл осы сәтте оның айтқандары қисынға келмейді - деді Алвес.

Айта кетейік, Лионель Месси мен Дани Алвес «Барселона» сапында 10 жыл бірге өнер көрсеткен болатын.