«ПСЖ» футбол клубы Неймарға 375 мың еуро айыппұл салды, деп жазады Prosports.kz.

Неймар команданың маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына келмеген. Клуб басшылары қарамағындағы футболшының өз ісіне немқұрайлы қарағанына реніш білдірген еді.

Кейін Неймардың әкесі ұлының Instituto Neymar Jr қайырымдылық қорының іс-шараларына қатысып жүргенін жеткізген болатын.