Көкшетаулық «Оқжетпес» болгариялық қорғаушы Пламен Димовты қатарына қосқанын ресми түрде мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.28 жастағы болгариялық футболшы Пламен Димов өзінің Отанында «Черноморец» (Поморья), «Черноморец» Бургас, «Левски» және «Ботев» клубтарында өнер көрсеткен.

Сонымен қатар, Пламен «Қайсар», «Шахтер» және «Алтай» секілді қазақстандық клубтардың намысын қорғаған.