Хорватиялық қорғаушы Марин Аничич «Астана» сапынан кетті, деп хабарлайды деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Футболшы түркиялық «Коньяспор» клубына ауысуы мүмкін. Қазіргі таңда аталмыш клуб пен қорғаушы арасында келіссөздер жүріп жатыр.

Айта кетейік, Аничич пен «Астана» арасындағы келісімшарт мерзімі желтоқсан айында аяқталады.

Хорватиялық ойыншы елордалық клуб сапында 2014 жылы қосылып, 197 матч өткізіп, 11 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді.