Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Жанқош Тұраров аргентиналық Мауро Годоймен қолғап түйістірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жекпе-жек 4 раундқа жалғасып, отандасымыздың жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақта WBO тұжырымы бойынша интерконтинентал чемпионы атанды.

Айта кетейік, ұзақ уақыт үлкен спорттан қол үзіп, жақында қайта оралған боксшымыз соңғы кездесуін 2 маусым күні өткізген болатын.