Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінде ирландиялық Дэвид Оливер Джойс (10-0, 8 КО) пен венесуэлалық Брэйлор Теран (27-17-1, 20 КО) қолғап түйістірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жартылай жеңіл салмақта өткен жекпе-жек 10 раундқа созылып, Дэвид Оливер Джойстың жеңісімен аяқталды. Төрешілер жеңісті бірауыздан ирландиялық боксшыға берді.

Осылайша WBO чемпионы мансабындағы 11-ші жеңісіне жетіп, белбеуін қорғап қалды.