4-7 шілде күндері елордада күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.

Байрақты бәсекеде Азия құрлығының 19 мемлекетінен 308 спортшы бақ сынайды. Нақтылап айтар болсақ, Қытай, Үндістан, Иран, Ирак, Жапония, Иордания, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Сингапур, Солтүстік Корея, Сирия, Тайвань, Тәжікстан, Тайланд, Түркменстан және Өзбекстан елдерінің балуандары жүлдені сарапқа салады.

2019 жылғы Азия чемпионатының күнтізбесі

Нұр-Сұлтан

4 шілді, бейсенбі

Грек-рим күресі: 45-48-51-55-60-92-110 келі

5 шілде, жұма

Грек-рим күресі: 65-71-80 келі

Әйелдер күресі: 40-46-53-61-69 келі

6 шілде, сенбі

Әйелдер күресі: 43-49-57-65-73 келі

Еркін күрес: 65-71-80 келі

7 шілде, жексенбі

Еркін күрес: 45-48-51-55-60-92-110 келі.