Италиялық биатлоншы Доротея Вирер демалыс кезінде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Вирердің жағдайы аптап ыстыққа байланысты нашарлаған. Оның ішегі зақымданғаны анықталды.

Биатлоншының толық айығуына бірнеше күн қажет. Алдағы демалыста жаттығуларын қайта бастайды деп күтілуде.