Конькимен жүгіру спортынан 2019/20 жылғы маусымға шақыртылған Қазақстан құрамасы белгілі.

Ұлттық құрамаға шақырту алған конькишілерміз мыналар: Дмитрий Морозов, Демьян Гаврилов, Виталий Щиголев, Александр Клинко, Максим Баклашкин, Иван Аржаников, Станислав Палкин, Роман Креч, Руслан Бегімбетов, Руслан Кирбятьев, Артур Галиев, Анвар Мухамадиев.

Тізімге құраманың көшбасшысы Денис Кузин енбеген. Кейбір ақпарат көздеріне сенсек, 2013 жылғы әлем чемпионы ұлттық құраманың бас бапкері Дмитрий Бабенкомен арадағы кикілжіңнен соң шақырту алмаған.