Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші айналымда отандасымыз испаниялық Пабло Андухармен кездесіп, матчты үш сетте жеңіспен аяқтады (6:3, 6:2, 6:4).
Келесі кезеңде Кукушкин, америкалық Джон Изнер және норвегиялық Каспер Рууд матчының жеңімпазымен кортта бақ сынасады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде үлкен сенсация жасаған болатын.
Комментарии