Беделді ESPN телеарнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жақында жеңіске жеткен америкалық Деметриус Андрадеге қарсы жекпе-жек өткізбейтінін жазды.

– Андраде Сулецкиді жеңгеннен соң Головкин мен Альваресті жекпе-жекке шақырды. Боксшылардың DAZN-ге тиесілі екенін алға тартсақ бұл жекпе-жектер өтуі мүмкін. Бір проблема: GGG де, «Канело» да бір-бірімен күзде жекпе-жек өткізуі мүмкін. Оның үстіне олар Андрадеге қызығушылық танытып отырған жоқ. Альварес абсолютті чемпион атағы үшін жекпе-жек жайлы әңгіме қозғағанда Андраденің есімін де атаған жоқ, - деп жазды басылым.