Америкалық боксшы Деметриус Андраде (28-0, 17 КО) поляк Мацей Сулецкиге қарсы жекпе-жек өткізіп, WBO чемпионы титулын екінші рет қорғап қалған болатын.

Ендігі кезекте «Бу-Будың» (Андраденің лақап аты) Сауль Альварес пен Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізбек ойы бар.

«Канело» қайда? GGG қайда? Мен кезекті рет он екі раундтық керемет бокс көрсеттім. Сулецки - бұл Роллс та, Филдинг те емес. «Канело», айқас ұйымдастырайық!» - деді Андраде.

Головкин Андрадемен кездесуі керек болған, алайда қазақстандық боксшы өзіне әлсіз қарсылас Стив Роллсты лайық көрді.

Canelo - GGG III жекпе-жегі болу-болмауы әзірге белгісіз. Екі тарап бірқатар келіссімге келе алмай отыр. Қазақстандық боксшы қыркүйекте дәл осы Деметриус Андрадемен айқасқа түсуі мүмкін. Ендеше, жерлесіміздің ықтимал қарсыласы туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

«Әуесқой бокстан кәсіпқойға дейін»