UFC 242 турнирі өтетін Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Дабидегі спорт кешенінің құрылысы әлі аяқталмаған.

Жоспар бойынша аралас жекпе-жек кеші 7 қыркүйек күні өтеді. Кеште жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен уақытша чемпионы Дастин Порье жұдырықтасады.

1 шілде күні қала басшылығы 13 мың көрерменге арналған кешеннің жобасын таныстырды.

Айта кетейік, кештің билеттері сатылымға шыққаннан соң 96 сағатта толықтай сатылып кеткен.