Хабиб Нурмагомедов жекпе-жек өткізетін кешеннің қаңқасы әлі тұрғызылмаған
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызUFC 242 турнирі өтетін Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Дабидегі спорт кешенінің құрылысы әлі аяқталмаған.
Жоспар бойынша аралас жекпе-жек кеші 7 қыркүйек күні өтеді. Кеште жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен уақытша чемпионы Дастин Порье жұдырықтасады.
1 шілде күні қала басшылығы 13 мың көрерменге арналған кешеннің жобасын таныстырды.
Айта кетейік, кештің билеттері сатылымға шыққаннан соң 96 сағатта толықтай сатылып кеткен.