Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) 14 тамызда шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасының мәліметіне сүйенсек, WBO Global, WBC Asia WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері Айдос Ербосынұлы келесі жекпе-жегін 14 тамызға Сиднейде өткізеді.

Жерлесіміздің қарсыласы - 31 жастағы аустралиялық боксшы Рокки Джеркич (17-1, 13 КО). Жекпе-жек он раундқа есептелген.

Айта кетейік, Ербосынұлы 24 наурызда Алматыда өткен соңғы жекпе-жегінде намибиялық Лукас Ндафолумуды (15-1, 6КО) төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Осы жеңісінен кейін отандасымыз WBO тұжырымының жаңартылған рейтингісінде 12-орынға көтеріліп, ең үздік 10 боксшының қатарына жақындады.