Қазақстандық жекпе-жек шебері Сәбит Жүсіпов (7-2) Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан M-1 Challenge 102 турнирінде сәтті өнер көрсетті.

Отандасымыз испаниялық Аридан Ромеродан (8-2) басым болды. Жүсіпов қарсыласын үшінші раундта нокаутқа жіберіп, айқын басымдылықпен жеңіске жетті.