Бүгін Нұр-Сұлтанда аралас жекпе-жектен турнир өтеді.

Жарыстың ең басты кездесуінде Шавкат Рахмонов бразилиялық спортшы Тьяго Варежаоға қарсы жекпе-жекке шығады. Шавкат үшін жартылай орта салмақтағы чемпиондығын қорғайтын алғашқы кездесу.

Жоспар бойынша тағы бір қазақстандық Сергей Морозов бақ сынайды. Ол ресейлік Александр Осетровқа қарсы айқаста жеңіл салмақтың чемпионы атағына таласады.

Тікелей көрсетілім елорда уақыты бойыншы 16:00-де басталады. Жекпе-жектерді QazSport телеарасынан көре аласыздар.