Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Оспановтың (9-2) келесі кездесуі өтетін күн анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ACA баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Сұңқар» қыркүйек айының 27-ші жұлдызында Мәскеуде өтетін ACA 99 турнирінде өнер көрсетеді. Қарсыласы ресейлік Алексей Полпудников.

Спортшылар сегізбұрышта бұған дейін екі рет кездескен - 2013 және 2017 жылдары. Бірінші кездесуде Оспанов техникалық нокаутпен жеңіске жетсе, екінші жекпе-жекте ресейліктің жолы болған.