Қазақстандық спортшы Қайрат Ахметовтің кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аралас жекпе-жек кеші 2 тамыз күні Филиппин астанасы Манила қаласында өтеді. Қайрат Ахметов аса жеңіл салмақта жергілікті спортшы Дэнни Кингадпен (10-1) жұдырықтасады.

Сондай-ақ ONE Championship промоушені ұйымдастырып жатқан бұл Гран-при жарысында Қазақстанның тумасы Тим Настюхин (12-4) сегізбұрышқа шығады. Ресейлік спортшы да филиппиндік Хонорио Банариомен (14-8) жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, Қайрат Ахметов наурыз айында Жапонияда өткен жарыста аустралиялық Рис Макларенді төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Бір айта кетерлігі, отандасымыз бұл жекпе-жекте қолын сындырып алды. Жарақатына қарамастан жеңіске жеткен «Қазақ» Гран-Придің жартылай финалына жолдама алған.

Қайрат Ахметовтың қолы сынғанына қарамастан жеңген жекпе-жегі: бейнеүзінді