Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллстың өткізген қан сынамасының нәтижесі белгілі болды.

Қос боксшы 8 маусым күні өткен жекпе-жектің алдында және соңында допинг тесттен өткен болатын. Екі сынама да теріс нәтиже берді.

Айта кетейік, Головкин - Ролсс жекпе-жегі 8 маусым күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өткен болатын. Отандасымыз төртінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.