Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты тың жаңалықтар пайда болды.

«Golden Boy Promotions пен Сауль Альварес қыркүйек айында GGG-мен жекпе-жек өткізгісі келмейді. Оның орнына «Канелоның» Каллум Смит не Сергей Ковалевпен 14 қыркүйек күні жұдырықтасқанын қалайды. Ал Головкинге қарсы жекпе-жек 2020 жылдың мамыр айында өтпек.

DAZN болса «Канело» — GGG жекпе-жегінің биыл өткенін қалайд», — деп жазды The Ring және FOX Sports басылымдарының журналисі Майк Коппинджер өзінің Twitter парақшасында.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес екі жекпе-жек өткізді. Алғашқысы тең аяқталса, екінші кездесуде мексикалық жеңіске жеткен болатын.