«Астана» командасының «Ордабасы» қақпасына соққан екі голының бірін Марин Томасов өз еншісіне жазды.

Хорватиялық жартылай қорғаушы осы голдың арқасында чемпионаттағы үздік сұрмергендердің үштігіне еніп, әрі бұл гол елорда командасы жейдесіндегі 30-шы голы ретінде тіркелді.

Томасов Қазақстан чемпионаты аясында 24 гол, еурокубоктерде 4, Қазақстан Суперкубогында 2 гол соқты.

Марин осы соққан голының арқасында клуб тарихындағы үздік сұрмергендердің бестігіне енді. Томасовтан көп гол соққан төрт ойыншы ғана бар. Олар: Патрик Твумаси (69), Таңат Нөсербаев (54), Жуниор Кабананга (42) және Фокси Кетевоама (34).