Қазақстан чемпионатында қостанайлық «Тобыл» қақпашысы Эмиль Балаев алты ойын қатарынан өз қақпасына гол жіберген жоқ, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Балаевтің «құрғақ» сериясы 540 минутқа жеткен. Премьер лигада Эмиль Балаев қорғаған қақпағақа соңғы рет 1 мамырда «Ордабасы» ойыншысы Тоқтар Жаңғылышбай гол соққан еді.