«Барселонаның» баспасөз қызметі «Инстаграмдағы» ресми парақшасында клубтың шабуылшысы Лионель Мессиді құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

24 маусымда аргентиналық жұлдыз 32 жасқа толды.

«Біз сенің қалай өскеніңді көрдік. Есіміңді айқайладық. Ұлы. Туған күніңмен, Лео Месси!», - деп жазылған құттықтауда.

Айта кетейік, Месси каталониялық клубта 2003 жылдан бері ойнап келеді. «Барселонамен» бірге ол 34 трофей ұтып алды.