Аустрия U-21 құрамасының жартылай қорғаушысы Ханнес Вольф ойын кезінде аяғын сындырып алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Оқиға Еуро-2019 іріктеу кезеңі аясында Сербияға (2:0) қарсы өткен ойында орын алған.
Жартылай қорғаушыны екінші таймда қарсыласы байқамай аяғынан шалған.
Аталмыш матчта гол соққан Вольфты ендігі кезекте ота мен ұзақ ем күтіп тұр.
Комментарии