Бокстан Мәскеудегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында Геннадий Головкиннің Стив Роллсқа қарсы жекпе-жегі туралы айтып берді.

– Виктор Леонидович, Головкин мен Роллстың жекпе-жегін көрдіңіз бе?

– Көрдім. Бұл кездесуден кейін екі түрлі сезімде болдым. Біріншіден, Головкиннің неліктен Роллсты таңдағаны түсініксіз болды. Бұл DAZN-ның шешімі ме әлде Головкин өзі таңдады ма? Қарсыласы әлсіз болды. Геннадий бастапқы раундтарда өзін көрсете алмады. Төртінші кезеңде оның соққылары өте бастады. Роллс бұған төтеп бере алмады. Геннадийдің неліктен соққылар жібергенін түсінбедім, бәлкім, бұл сондай тактика болған шығар?

– Головкиннің жұдырықтасу стилі жаңа бапкердің келуімен өзгерді ме?

– Мен дайындықтарын байқадым. Джонатан Бэнкс Головкиннен өзге Али Ахмедовті да жаттықтырып жүр. Шын айтсам, жаңа бапкер ұнамады. Ахмедов те бұл бокс кешінде әлсіз өнер көрсетті. Жалпы, дайындықтарына көңілім толмады.

– Головкин баяу қимылдағандай көрінді. Сізге ше?

– Жоқ. Бұны байқамадым. Геннадий белсенді қимылдады. Әсіресе төртінші раундта.