Қазақстандық Мадияр Әшкеев (12-0, 6КО) 5 шілде күні Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Отандасымыз Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Әрі бірінші орта салмақта NBA World белдігін сарапқа салады.

Қазақстандық боксшы эстониялық Павел Семеновичпен (24-11-2, 9 КО) сынға түседі.

Еске салайық, 23 мамырда өткен жекпе-жекте Мадияр 34 жастағы америкалық боксшы Сесил Маккаланы (21-4, 8 КО) төрешілердің шешімімен жеңіп, NABF Junior белбеуіне ие болған еді.

Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды