Қазақстандық Александр Бублик Истбурн турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

1 сағат 28 минутқа созылған кездесуде Бублик канадалық Стивен Диасты үш сетте - 4:6, 6:0, 6:3 есебімен ұтты.

Бублик іріктеу сайыстарының финалында америкалық Теннис Сандгренмен сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Истбурнның негізгі турниріне, Юлия Путинцеваның Бирмингемде жартылай финалға өте алмағанын жазған болатынбыз.