Бублик Истбурн турнирінің іріктеу кезеңінің финалына өтті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық Александр Бублик Истбурн турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
1 сағат 28 минутқа созылған кездесуде Бублик канадалық Стивен Диасты үш сетте - 4:6, 6:0, 6:3 есебімен ұтты.
Бублик іріктеу сайыстарының финалында америкалық Теннис Сандгренмен сынға түседі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Истбурнның негізгі турниріне, Юлия Путинцеваның Бирмингемде жартылай финалға өте алмағанын жазған болатынбыз.