Оңтүстік Кореяның Кенджу қаласында триатлоннан Азия чемпионатының үшінші жарыс күні өз мәресіне жетті.

Бұл күннің басты қаһарманы Алматылық Александр Тен болды, ол күрделі күресте (400 м жүзу, 10 км велоспорт және 2,5 шақырым жүгіру) «супер спринт» бойынша «алтын» алқаны қанжығасына байлады.

Алматы Триатлон федерациясының тәрбиеленушісі (бас жаттықтырушы - Максим Мазур) жетекші топтағы жүзу бағдарламасын аяқтады. Сонымен қатар, велосипед дистанциясында Гонконг пен Оңтүстік Корея спортшыларымен бірге пелотоннан алшақ қашықтыққа алға шықты. Қорытынды жүгіру кезеңінде 15 жасар чемпион Оңтүстік Кореялық қарсыласынан озып, жеңіске жетті!

Біздің спортшыларымыз үшін ең нәтижелі болған Азия чемпионаты аяқталды. Кенджу қаласының аспанында екірет Қазақстанның туы желбіреді. Біздің командамыздақаржығасында Дарын Қонысбаев пен Александр Теннің екіалтын, Арина Шульгина мен Мейірлан Ысқақовтың екі қола медалі бар. Чемпионат қорытындысы бойынша,әзірге ресмиемес жалпыкомандалық жүлделік есепте Қазақстан екіншіорынды иеленді.