Сербияның Белград қаласында су добынан ерлер құрамалары арасында әлемдік лиганың суперфиналы өтуде.

Қазақстан командасы соңғы матчта Жапонияға 12:13 есебімен жол берді.

Ертең қазақстандықтар 7-8 орын үшін Канада құрамасына қарсы ойнайды.

Бұған дейінгі кездесулердің барлығында біздің команда өкілдері ірі есеппен ұтылған болатын.

Айта кетелік, әлемдік лига жеңімпазы Олимпиада ойындарының жолдамасына иелік етеді.