Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан ІІ Жасөспірімдер Олимпиадасында таеквондошымыз Ғалымжан Серікбай ширек финалдан кері қайтты, деп хабарлайды confederation.kz сайты.

Өкінішке қарай, 48 келіде сынға түскен таеквондошымыз Ғалымжан Серікбай жартылай финалдан сырт қалды. Алғашқы кездесуде голландиялық Мачарио Паттиді 9:8 есебімен жеңген соң, Қытайлық Тайпей өкілі Чен Ю Вангке 5:19 есебімен есе жіберді.