Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан Жасөспірімдер Олимпиадасында 55 келіде сынға түскен жас дзюдошымыз Бауыржан Жауынтаев алтыннан алқа тағынды, деп хабарлайды дзюдо федерациясының сайты.

Жарысты жартылай финалдан бастаған жерлесіміз түркиялық Огужан Карачты жеңді. Ал финалда әзірбайжандық Натик Гурбаналыға айла калдырмай, Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлады.

Олимпиада ойындары. 55 келі. Қорытынды:

1. Бауыржан Жауынтаев (Қазақстан)2. Натик Гурбаналы (Әзірбайжан)3. Йорре Верстратен (Бельия), Огужан Карач (Түркия)

Өкінішке қарай, қыздар арасында 44 келіде белдескен Адия Сайын өз тобында әзірбайжандық Лейла Әлиевадан ұтылды. Жұбаныш белдесуінде Доминикан Республикасының өкілі Эстефания Сорианаға жол берген Адия жүлдесіз қалды.