Премьер-Лиганың 16-туры аясындағы «Астана» - «Қайрат» арасындағы кездесу Павлодар қаласындағы Орталық стадионда өтеді.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Ойын 2019 жылдың 30-шы маусым күніне жоспарланған. «Астана Арена» стадионы уақытша бос болмауына байланысты турдың орталық матчы Павлодарда өтетін болды.