Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, бапкерлер штабы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Қазақстан әйелдер құрамасының спортшыларын анықтады.

Әлемдік дода Ресейдегі Челябинск қаласында 25-31 тамыз аралағында өтеді. Құрамамыздың дзюдошылар тізімі төмендегідей: Меруерт Иманғалиева (-48 кг), Олеся Куценко (-52 кг), Севара Нышанбаева (- 57 кг), Зәмзәгүл Файзолланова (-63 кг), Дильбар Өмірәлиева (-70 кг), Альбина Амангелдиева (-78 кг), Зарина Райфова (-78 кг), Зарина Әбдірасұлова (+78 кг).