Сербиялық жартылай қорғаушы Милан Радин мен «Ақтөбе» футбол клубы екіжақты шешім бойынша келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Футболшының клубтан кетуіне отбасылық жағдайлар себеп болған. Сербтік легионер «қызылды-ақтар» қатарына 2018 жылдың ақпан айында қосылған болатын.

Милан «Ақтөбе» сапында 40 матч өткізіп, 5 гол соқты.