Нұрсұлтан Мамев пен Смайыл Дүйсебай G-1 сериясы бойынша Боготада өткен Open de Las Américas халықаралық турнирінің чемпиондары атанды.

58 келі салмақ бойынша финалдық бәсекеде Мамаев мексикалық Дамиан Вильяны жеңсе, Дүйсебай 87 келіде эквадорлық Жезус Парраны қапы қалдырды.

58 кг. Қорытынды кесте.

1. Нұрсұлтан Мамаев (Қазақстан);

2. Дамиан Вилья (Мексика);

3. Карлос Наварро (Мексика), Брэйнер Лопез (Колумбия);

87 кг. Қорытынды кесте.

1. Смайыл Дүйсебай (Қазақстан);

2. Жезус Парра (Эквадор);

3. Стивен Ломбдин (АҚШ), Кристофер Мойтланд (Коста-Рика).

Екі таэквондошы да Оңтүстік Қазақстан облысының атынан шығады және франциялық маман Филипп Пинердің қол астында жаттығады.