Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасы Бурабайда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде, kazakh-tv сайты.

«Жігіттер қыркүйек айында Минскіде жалауы желбірейтін әлем чемпионатына дайындалуда. Қазір жиында 24 спортшы бар. 65 келіде Сергей Морозовқа, 70 келі салмақта Азамат Бақытов пен Дмитрий Ермалаевқа сенім артылады. Дәл қазір спортшылармен бірге Ресейлік тілшілер де жүр. Көрші елдің танымал журналистері Қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері туралы деректі фильм түсіруді қолға алыпты. Енді екі айдан кейін Ресейлік көрермендер Қазақстандық жігіттердің жұдырығын таниды»,- дейді жоба авторлары.