Тамыздың 1-3 аралығында Ақтау қаласында ҚР үздік фермері Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған халықаралық жарыс өткізілді, деп мәлімдейді дзюдо федерациясының ресми сайты.

Оған 200-ге тарта спортшы қатысты. Қорытындысында командалық есепте Атырау облысы бірінші орынды жеңіп алды, олардың қоржындарында 6 алтын медаль. Екінші орынға Астана спортшылары табан тіреп, 3 алтынға ие болса, Маңғыстау облысының палуандары үшінші орынды місе тұтты, еншілерінде 3 алтын.