Таэквондошы Нартай Оразбаев кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 2-ші орын алды, деп хабарлайды Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметі.

«Татами қожайыны Орхан таги-Заданы (20:8) жеңгеннен кейін қазақстандық таэквондошы америкалық Ричард Чунг (20:4) пен өзбекстандық Исломджон Адхамовты (21:9) тізе бүктірді. Өкінішке қарай, финалда Оразбаевтың қарсыласы ирандық Амирхуссейн Вогуи Азар (32:7) жеңіске жетті», - делінген хабарламада.

Әлем чемпионаты. + 65 кг. Қорытынды жағдай:

1. Амирхуссейн Вогуи Азар (Иран);

2. Нартай Оразбаев (Қазақстан);

3. Исломджон Адхамов (Өзбекстан), Мухаммед Ачикгоз (Түркия).