«Шахтердің» шабуылшысы Шавкат Саломов «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында «Атлантасқа» қарсы матч туралы пікірін айтты.

 – Нәтиже жаман болмады деп ойлаймын. Қанша дегенмен, сырт алаңда ойнадық қой.

 – Тең есеп жақсы нәтиже ме?

 – Әрине. Тағы да қайталайын, біз сырт алаңда ойнадық. Үлкен өкініш жоқ, бірақ өз алаңымызда бұл команданы ұтуымыз қажет. Тіпті, «Ширак» күштірек болған секілді.

 – Виктор Балютович ашуланды ма?

 – Жоқ, бәрі жақсы. Қонақта ойнағанымызды бәрі де түсінеді, ал өз алаңымызда, Қүдай қаласа, жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтуге міндеттіміз.