УЕФА-ның төтенше жағдай комитеті жеребе кезінде ресейлік және украиналық клубтарды бір-бірімен жолықтармауды жөн деп тапты.

Осылайша, петерборлық «Зенит» пен днепропетровсктік «Днепр» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде кездесе алмайды.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей мен Украина арасындағы байланыс Киевтегі басшылықтың ауысуынан кейін күрт нашарлап кетті.

Сонымен қатар, отырыста Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында алынған сары қағаз жартылай финалда есептелмейтіні туралы шешім шығарылды.