Қазақстандық таэквондошы Феруза Ергешова Korea Open додасының күміс жүлдегері атанды, деп мәлімдейді Қазақстан таэквондо Федерациясның баспасөз-қызметі.

Ақтық кездесуде біздің спортшы сербиялық Милиса Мандичке 9:0 есебімен жол берді.

Феруза Ергешова Азия чемпионатының жүлдегері, Лондон Олимпиадасына қатысқан. Корея додасының алдында Ергешова Федерация Кубогын жеңіп алған болатын.