Германияның Зиндельфинген қаласында өтіп жатқан Еуропа Кубогінде Ұлттық құрама 6 медаль қанжығалады.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дзюдошы Азамат Мұқанов жеңіске жетті. Ол финалда тағы бір отандасымыз Сергей Лиммен ұтып, алтыннан алқа тағынды.

Елдос Сметов (66 кг), Самат Есен, Азиз Қалқаманұлы (90кг) мен Ержан Шынкеев (+100 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.